Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстандықтардың микроқаржы ұйымдарына қарызы 2 трлн теңгеден асты

10:30, 06 наурыз 2023 317
 


Қазақстанда тұрғындардың микроқаржы ұйымдарына қарызы 2 трлн теңгеден асты, деп хабарлады Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.
 

2022 жылғы төртінші тоқсанда микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың (МҚҚЖҰ) активі 10,2%-ға ұлғайып (2022 жылғы өсу – 34,4%), 2023 жылғы 1 қаңтарда 2,1 трлн теңге болды.

 

Активтің ұлғаюы микроқаржы ұйымдарының кредит портфелінің өсуіне байланысты. МҚҚЖҰ құрылымында активтің ең көп үлесі – 1 млрд 102 млн теңге немесе 52% микроқаржы ұйымдарына, 756 млрд теңге немесе 36% кредиттік серіктестіктерге, 254 млрд теңге немесе 12% ломбардтарға тиесілі.

МҚҚЖҰ-ның несие портфелі 2022 жылғы төртінші тоқсанда 350 млрд теңгеге немесе 20,2%-ға ұлғайып (2022 жылғы өсу – 50,9%), жеке тұлғаларға берілген қарыздардың өсуі нәтижесінде 2 трлн теңге болды

2022 жылғы төртінші тоқсанда жеке тұлғаларға берілген қарыз көлемі 2,6%-ға өсіп, (2022 жылғы өсу – 30,8%) биыл 1 қаңтарда 1,1 трлн теңгеге жетті. Оның ішінде жеке кәсіпкерлерге берілген қарыздар 8,6%-ға немесе 242 млрд теңгеге дейін өсті (2022 жылғы өсу – 30,4%).

Былтыр төртінші тоқсанда заңды тұлғаларға берілген қарыз 70,2%-ға немесе 732 млрд теңгеге дейін өсті. 2022 жылы өсу – 113%.

Заңды тұлғалардың несие портфелінің айтарлықтай өсуі кредиттік серіктестіктер несие портфелінің өсуімен байланысты болды.

2023 жылғы 1 қаңтарда МҚҚЖҰ портфелінде 90 күннен асып кеткен қарыздар (NPL) деңгейі – 3,6% (2022 жылғы 1 қаңтарда – 5,5%).

Жеке тұлғалар портфелінде NPL деңгейі – 5,4% (2022 жылғы 1 қаңтарда – 7,0%).

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар