Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанға қымыз Белоруссия мен Ресейден, Қырғызстаннан келеді

12:32, 27 мамыр 2024 726

Басқаны айтпай-ақ қояйық,қымыздың өзін шетелден алдыруға көшіппіз. Былтыр елге 4 мың тоннадан аса қымыз кірген, деп хабарлайды Alash.kz сайты 24KZ-ке сілтеп.

Шетелден келетін қымыздың басым бөлігі Ресейден жеткізіліпті. Ол жақта башқұрт ағайындар бар. Қырғыз ағайындардан да Алатаудан асып 500 тоннадайы қымыз келіпті. Тіпті беларусьтар да бізге 2 тонна қымыз беріп жіберген.

Киім кешек, техникалық тауалар шетелден кірсе, оған түсіністікпен қараймыз. Ал сан ғасырдан бері мың мыңдап жылқы айдап, бие байлап, қымыз ішкен қазақ үшін белорусьтардан қымыз сатып алып ішкеніміз, шынында ұят!

Шетелден кіріп жатқан қымыз қаншалықты сапалы? Адам денсаулығына зиянды емес пе? Оған ешкім кепілдік бермейді. Әрине, әркімнің талғамы әртүрлі. Оның үстіне қазіргі нарық заманында бабаларымыздан қалған тәртіпті сақтауға уақыт та тар шығар. Дегенмен, мамандар қымыздың бабын келтіру үшін табиғи бұйымдарды қолдану керек дейді.

Ескертейік, былтыр Ресейге 2760 тонна қымыз экспортталды. Ал, импорт көлемі екі есе артық. Оның ішінде Ресей мен Қырғызстанның үлесі жоғары. Бұлардың басым бөлігі құтыдағы қымыз. Дегенмен, дүкенде тұрған қымыздың бәрі табиғи өнім деуге келмейді. Дәмдеуіш қосып, дәмін қымызға ұқсатып қоятындар көп. Мамандар, әсіресе, сырттан келген қымызды алғанда абайлауға кеңес береді.

Қымыз экспорты:

Ресей – 2 760 тонна,

Қымыз импорты: Ресей – 4 279 тонна, Қырғызстан – 521 тонна, Беларусь – 2 тонна.

   

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар