Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанмен мәселе туындайды деген ресейлік депутатқа Мәулен Әшімбаев жауап берді

13:40, 30 мамыр 2024 476

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев ресейлік шенеуніктің Қазақстан туралы айтқан пікіріне жауап берді, деп хабарлайды, Alash.kz ұлттық порталы. 

Ресей мемлекеттік думасының вице-спикері, депутат Петр Толстой "Комсомольская правда" радиосының тікелей эфирінде Украина туралы сұраққа жауап беріп, Қазақстан, Армения елдерінің атын атаған.

«Біздің айналамызда мәселе толып жатыр. Бірақ, бәрі Украинаның мәселесі қалай шешіледі екен деп күтіп отыр, бақылап отыр. Сондықтан, біз Украина тақырыбын жаппасақ, Қазақстанмен, Армениямен, бізді қоршап отырған өзге де елдермен мәселе туындауы мүмкін», - деген еді Толстой.

Мәулен Әшімбаев бұл пікір тұтас ұлттың емес, жалғыз адамның пікірі екенін алға тартты.

«Мен ол кісінің мәлімдемесін өзім тыңдаған жоқпын, бірақ, әріптестерімнен естідім. Тыңдаған соң пікір білдіре аламын. Бірақ, бұны Мемлекеттік думаның (Ресей парламентінің – ред) пікірі деп емес, бір адамнығң пікірі деп қабылдау керек», - деді Әшімбаев.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар