ҚР Төтенше жағдай министрлігі Қазақстанның 10 өңірін су басқаны туралы хабарлады.
Жыл басынан бері өзендерде мұз кептелістерінің пайда болуына, топырақ бетінде мұз қабығының болуына, мол жауын-шашынның түсуіне, ауа температурасының күрт көтерілуі аясында қардың қарқынды еруіне байланысты еліміздің 10 өңірінде су басу оқиғалары орын алды, делінген хабарламада.
Шымкент қаласында 2 тұрғын үйді және ШҚО Риддер қаласында 28 саяжай үйді су басқан.
Шымкент қаласындағы, Абай, Атырау, Алматы, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістан облыстарындағы тұрғын үйлердің аула аумақтарын су басу фактілері тіркелген.