Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанның 11 өңірі тас-кедей

04:58, 19 ақпан 2023 265
Қазақстанда азаматтардың шамамен 5% - ы күнкөріс деңгейінен төмен табысқа ие. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлімдеді.


Оның айтуынша, қазіргі уақытта ел халқының жартысы барлық табыстың үштен бір бөлігінен аз ақша табады.
 

Қазақстандықтардың шамамен 5%-ның табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен (40,5 мың теңге) аспайды. Елімізде азаматтардың осы санатының ұлғаюы 12 өңірде байқалады. Бұл жерде біз Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан және басқа да облыстар туралы айтып отырмыз, – дейді ол.

Сонымен қатар, Әшімбаев республикада 5 миллионға жуық адам өнімділігі төмен жұмыспен қамтылғанына алаңдаушылық білдірді.
 

Халықтың әл - ауқатын арттыруға мүмкіндік беретін шешімдердің бірі-шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту. Алайда, ауылдық жерлерде тұрғындар кәсіпкерлікті дамыту үшін шектеулі мүмкіндіктерге тап болады. Сондықтан, жағдайды өзгертудің тиімді құралдары мен әдістері қажет, - деді ол.

 

Осыдан кейін Сенат спикері Жамбыл облысында 2019 жылдан бері іске асырылып келе жатқан ауыл тұрғындарының табысын арттыру жөніндегі пилоттық жоба туралы айтып берді.
 

Алғашқы нәтижелер жігерлендіреді. Бүгінгі таңда бұл тәсілді республикалық деңгейде масштабтау мәселесі қарастырылуда. Бұл мақсатты жүзеге асыруға 2023 жылы еліміздің барлық өңірлері үшін 52 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған. Бұл 11 мың шағын несие беруге мүмкіндік береді, - деп түйіндеді ол.

 

Бүгінде Қазақстанның 11 өңірінде халықтың нақты табысы төмен.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар