Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қазақстанның Халық әртісі" атағы қалпына келтірілді

10:39, 29 наурыз 2023 246
VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясында сөз сөйлеген мемлекет басшысы "Қазақстанның халық әртісі" атағын қайта тағайындауды тапсырды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы “Қазақстанның халық әртісі” атағына лайықты мәдениет қайраткерлерінің алғашқы тобы Республика күнінде марапатталатынын айтып өтті.
“Адам капиталын тұрақты дамыту жылдам өзгеріп жатқан қазіргі әлемде табысты ел болудың басты кепілі болады деп санаймын. Біз ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру арқылы әділетті мемлекеттің және үйлесімді қоғамның негізін қалаймыз. Мен «Қазақстанның халық әртісі» атағын қайта қалпына келтіру туралы шешім қабылдадым. Биыл қазан айында – Республика күнінде осы атаққа лайықты мәдениет қайраткерлерінің алғашқы тобы марапатталады”, – деді ол.

Оның айтуынша, мәдениет саласын өркендету үшін жаңа тұжырымдама жасалып жатыр.
“Мәдениет саласындағы саясатты жан-жақты ойластырып жүргізу керек. Қазір бұл саланы өркендету үшін жаңа тұжырымдама жасалып жатыр. Бұл құжат еліміздің мәдени мұрасын сақтау, насихаттау және ұлттық бірегейлікті нығайту ісінде шешуші рөл атқарады деп сенемін. Шығармашыл зиялы қауым көпшіліктің көңілінен шығатын, мемлекеттің мүддесіне сай келетін туындылар ұсынады деп үміттенемін. Осы ретте, креативті индустрияға жүйелі қолдау көрсету өте маңызды”, – деді Тоқаев.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар