Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстстан медицинасы Тимур Құлыбаевтың қолында - кәсіпкер

15:14, 22 шілде 2024 755

Белгілі кәсіпкер Ерлан Атамқұлов Abay Laiv ютуб арнасына берген сұхбатында Қазақстанның саясатына, саяси тұлғаларына, экономикаға қатысты біраз былықтың басын ашып айтты деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Ерлан Атамқұлов аталмыш сұхбатында Қазақстан медицинасындағы заңсыздықтарды, медицина саласы кімдердің қолында екеніне тоқталған.

"МРТ деген аппарат бар. Сол аппарат Siemenst компаниясында 2007 жылдары 450 мың еуро тұратын. Еуропада мен Siemenst басшыларымен көп жұмыс істедім. Соларда МРТ аппараты 450 мың еуро болатын. Ал Қазақстанға 2,5 миллион еуромен кірді. Оны кіргізген бір топ қана бар? Ол топ кім? Олар өлсе де, оны ешкімге бермейді" дейді кәсіпкер. 

Тілші аталмыш топтың кім екенін сұрайды. Сонда кәсіпкер:

"Менің нақты дәлелім болмаған соң, оны айту қалай болар екен? Бірақ оны Қазақстанда бәрі біледі. Бүкіл медицина, дәрі-дәрмек Siemenst және басқа компаниялардан шығатын барлық медициналық құрал жабдықтардың бәрі Тимур Құлыбаевтың компанияларына ғана тән. Оған басқа ешкім тұмсық тыға алмайды. 100 пайыз оған ешкімді жібермейді" дейді Ерлан Атамқұлов.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар