Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақты "құл" деп атаған журналистің басы дауға қалды

11:55, 08 тамыз 2024 596

Танымал журналист Азамат Әбілқайыр қазақтарды "құл" деп атап, басы дауға қалды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Журналист ашуға тиер оқиғаның Түркия аэропортында болғанын айтты. 

«Міне, біз Анталия әуежайына келдік. Айналамда адамдар өте көп. Неше түрлі ұлттар мен қаншама елден келген адамдар толып жүр. Әрқайсы өз тілінде сөйлейді. Тек бейшара қазақтар ғана орыс тілінде шүлдір-шүлдір етеді. Соншама құл, соншама сорлы болғанда да сүйектен өтіп кеткені жаман екен ғой. Тіпті орыстар орысша, түріктер түрікше, испандар испанша, француздар французша сөйлеп жүр. Тіпті өз ағам өзбекше, қырғыз бауырларымыз да өз тілінде сөйлейді. Тек қазақтар ғана орысша шүлдірлеп тұр. Соншама сорлы, соншама бишара болуға бола ма? Тап осы Антальяның аэропортында, тап осы Түркияда орыс келіп желкеңнен түйгіштеп түрған жоқ”, – деді журналист.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар