Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақтың жарты тарихы – мифтен құралған жалған тарих

05:11, 13 наурыз 2022 4264

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым мен саясаттанушы Самат Нұртаза сұхбат беріп, Украинадағы жағдай, Қазақстанның билігі, Байқоңырдағы жағдайға қатысты пікір білдірді.

Депутат «Қазақстан бейтарап қалу керек» деген сөзін жұрт неге қолдамағанын айтты.

– Біздің қоғам қуғанға да, қашқанға да серік. Өз өмірлерін сүріп жатқан жоқ. Біреудің соғысына ілескісі келеді, өзіміздегі өмір қайғылы, мұңды болып көріне ме? Өз өмірімізді сүрудің орнына әлеуметтік желілердің алгоритмі айдап салған тақырыптарға жақындай береміз. Бұл үлкен қателік. Қалай дегенде де Қазақстанның өзіндік орны бар. Қазақстан аю мен айдаһардың, Ислам әлемі мен Батыс әлемінен аман қалу үшін өзіндік ойын ойнау керек, – деді ол.

Сұхбат барысында депутат Айдос Сарым қазақтардың қазақ тарихын да оқымағанын айтып, тарихтың жартысы мифтен құралғанын жеткізді.

– Біздің қазақ қазақ тарихын да оқымаған. Біздің қазақтың басындағы тарихы –  мифтен құралған жалған тарих. Қазір қазақтар айтып жүрген әңгіменің 70 пайызы миф екенін дәлелдеп бере аламын. Қазақ батыр болған, дәулетті болған. Бірақ біз ойлап жүргендей алтын ғасыр болмаған, – деді депутат.

[embed]https://www.youtube.com/watch?v=cFxX6ir4tdY[/embed]



Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар