Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қазір эмоциямен ойнайтын, хейт жасайтын, орынсыз үрейге, өтірік жаңалыққа берілетін уақыт емес" - журналист

14:49, 08 сәуір 2024 483
Осылай деген журналист Назерке Өрқара су тасқынына қатысты алыпқашпа ақпараттардың көп екенін жазды өзінің фейсбуктегі парақшасында. 
 
Оның жауынша, осындай кезде эмоцияға берілгіш блогерлер емес, салқынқанды пікір білдіріп, сараптай алатын эксперттерді, нақты ақпарат көздерін тыңдау керек. Өйткені, жан-жақтан ағылған ақпараттың рас-өтірігін ажырату қарапайым халыққа оңай емес.
Онсызда алай-дүлей көңілдерін күдік басқан басқан халықтың зәресін алып, фейк тарату кімге керек екен?
 
"Әке-шешем Қызылордада отырса да күнде бір жаңалық жіберіп, рас-өтірігін сұрайды. Одан бөлек, үйдің вотсап-чатында да «міне су алды, Астана да кетті, дайындалыңдар» сарында күнде бір фейк мәтін келеді" дейді автор.
 
Су тасқыны басталғалы қоғамда әртүрлі пікір, информация көп: оның қайсысы рас, қайсы жалған, ажырату қиын. Бірақ халық ресми ақпаратқа сенуі керек!
"Қазір эмоциямен ойнайтын, хейт жасайтын, орынсыз үрейге, өтірік жаңалыққа берілетін уақыт емес. Билік дайындықсыз болды деуге де келмес. Себебі, мұндай масштабты судың ағынын ешкім күтпеді. Бастапқыда, жылдағы қар суының көтерілуі деп ойлағанымыз рас. Бірақ, айтып келмейтін апаттың ағыны қатты екен. Табиғатты ешкім алдын-ала болжай алмайды. Анадан-мынадан кінәні іздеп, сөз қуатын уақыт емес, шынымен. Қазір тек күшті бірлікке жұмсайтын уақыт" дейді Н.Өрқара.
 
Автор "Елдің жұмыла жинала қалатын қасиеті бұл қиындықты да жеңер. Тиісті сараптама, есеп-қисап та халыққа берілер. Тек, енді адам шығыны болмай, арты жақсы болса екен.
Айтпақшы, қор жинап жатқан әртүрлі есепшоттар мен сенімсіз жеке каспи номерлер де көбейіп кетті" деп ескертеді сөз соңында…
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар