Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қызылжардағы көпбалалы отбасыда он тоғызыншы бала дүниеге келді

16:11, 07 тамыз 2024 621

Петропавлдағы ең көпбалалы отбасыда тағы бір нәресте дүниеге келгені хабарланды.  Атап айтсақ, ерлі-зайыпты Култышевтер 19-нәрестесін өмірге әкелді, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Қуанышты хабарды Петропавлдағы перинаталдық орталық өкілдері жеткізді:  

«Бойы 56 сантиметр, салмағы 4 250 грамм болатын сүйкімді қыз өмірге келді. Бұл – қуаныш пен бақыт сыйлайтын өте керемет оқиға. Шаңырақтарыңыздан береке-бірлік кетпей, жылулыққа толы болсын», - делінген перинаталдық орталықтың әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Жаңа туған сәби – қыз. Салмағы – 4250 грамм, бойы – 56 сантиметр.

Орайы келгенде айта кетейік,  Павел мен Татьяна Култышевтар 2000 жылы үйленген. Ол кезде Павел 22, Татьяна 19 жаста болған. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар