ҚР ІІМ баспасөз қызметі болған жайтқа қатысты ақпар айтты. Ақпаратта жүк пойызының машинисі шұғыл тежеуді басқаны жазылған.
Пойыз 10 минутқа жоспарсыз тұрақтауға мәжбүр болған. Қызылорда станциясында полицияның желілік бөлімінің қызметкерлері 32 жастағы үй жануарларының иесін анықтады. Ол теміржолға бөлінген жолақта мал жаю ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қазақстанда теміржол үстінде мал басу дерегі жиі тіркеледі. Полиция департаменті жыл басынан бері пойыздарды шұғыл тежеудің 683 фактісі тіркелгенін айтты. Сондай-ақ теміржолдарда 522 рет малды басып кету оқиғасы болған. Оның ішінде:
- жылқы-257;
- Ірі қара малы -78;
- ұсақ мал және басқалары– 86.
Естеріңізге сала кетейік, 3 мамырда Батыс Қазақстан облысында суға батып бара жатқан бір үйір жылқы құтқарылған еді.