Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қоғам белсендісі Әйгерім Тілеужанды түрме әкімшілігінің қорлап жатқаны хабарланды

14:00, 18 мамыр 2024 891
Желі қолданушысы Абзал Достияр 17 мамыр күні журналист Әйгерім Тілеужанға қорған болуға шақырып, белсендінінің қорланып жатқанын хабарлады. Жазбада түрме бастығының Әйгерім Тілеужанды емдеуге жөнелтіп, әуелде берген уәдесін орындаудан бас тартқаны айтылған, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.
 
Желі қолданушысы Абзал Достияр жалпақ жұртты Әйгерім Тілеужанға қорған болуға шақырды:
Кеше түнде, сағат 22:00-де Әйгерімнің анасы Шекерхан апайды Алматы қаласы, Түріксіб ауданындағы 71-ші мекемесіне алып бардым, бұл ел аузында “СИ-18”-деп аталып кеткен тергеу изоляторы.
Түрме алдына барған себебіміз- екі кештің арасында Жауғаштыдағы Әйгерім қамауда отырған түрменің бастығы Әйгерімнің анасы мен адвокатына хабарласып түнгі 22:00 мен 23:00-дің арасында Әйгерім Тілеужанды Тергеу изоляторына алып келетіндерін айтқан.
Бұған дейін түрме бастығы:”Егер емдеуші дәрігер Әйгерімді изолятор ішінде емдей алмаймын, тек қана тіс емханасында емдеймін десе болды, солай жасаймыз, емханаға апарып, емін аяқтаймыз”-деп уәде берген болатын, сол уәдесіне сеніп Әйгерім аштығын тоқтатқан еді.
Әйгерімнің адвокаты Айнара Айдарханова, Әйгерімді емдеп жүрген дәрігер Жақсылық Темірбаев, Жауғаштыдағы әйелдер колониясының бастығы Магнис Сабиров және Алматы облысы бойынша Адам құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Эльбрус Сұлтанқұлов Тергеу изоляторының ішіне кіріп кетіп бір сағаттан соң барлығы қайта шықты.
Дәрігер Темірбаев мекеме ішіндегі емдеу бөлмесінде Әйгерім Тілеужанды емдей алмайтынын айтқан, себебі құрал-жабдықтар сәйкес келмейді екен, медициналық құрылғылар іске қосылмаған,сол себепті Темірбаев сол жерге жиналғандарға Әйгерімнің емін тек өзі жұмыс істейтін емханада аяқтайтынын айтқан, оның бұл сөздерін қызметкерлер бейнекамераға жазып алған, бірақ түрме бастығы әуелде берген уәдесін орындаудан бас тартқан, яғни Әйгерімді тіс емханасына апарудан бас тартып отыр,- деп жазды белсенді. 
 
Сонымен қатар, Әйгерім Тілеуханның денсаулығы нашарлап, жүдеп-жадап кеткені де хабарланды:
Өткен аптада Әйгерімнің бір жақ беті жансызданып, көзі қызарып, құлағы шыңылдап қатты ауырғанын, Іле аудандық ауруханасына жедел-жәрдем көлігімен шұғыл жеткізілгені хабарланған. Анасының айтуынша Әйгерім әбден азып, көзі шүңірейіп қу сүйегі қалған, өзі етжеңді емес қыздың қазіргі халін көз алдыңызға елестете беріңіз… “Басымды имеймін, тіземді бүкпеймін”-деген қайсар жанды осынша қорлау арқылы оның жүйкесін тоздырып, қажытып, сағын сындырмақ па? Қыз балаға осынша қысым көрсету, азаптау адамгершілікке жатпайды емес пе? Баршаңызды Айгерим Тілеужанованы қорғауға шақырамын! Жазықсыз қызды бостандыққа шығара алмасақта тиісті медициналық көмек алуына қолғабыс жасайық! - деді автор. 

Еске салайық, 2022 жылдың қазан айында Әйгерім Тілеужанға Алматы әуежайындағы қаңтардағы тәртіпсіздікке қатысты деп мәлімделді. 

Оған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 272-баптың 1-бөлігімен (шетелден алынған қаражатты пайдалана отырып, зорлық-зомбылықпен, қырғынмен, өрт қоюмен, мүлікті жоюмен, атыс қаруын, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды қолданумен, сондай-ақ билік өкіліне қарулы қарсылық көрсетумен ұштасқан тәртіпсіздіктер ұйымдастыру) бойынша айып тағылды.

2023 жылдың сәуір айының басында Әйгерім Тілеужан бұл істі саяси астары бар екенін айтып, батыл сөйледі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар