Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Құжаттары жоқ: Орманнан табылған анасы мен балалары туралы тың дерек шықты

15:10, 07 маусым 2024 765

Мамыр айының басында Кеменгер ауылының тұрғындары орманда ұйықтап жатқан алты баласымен бірге ата-ананы көріп қалған болатын.Белгілі болғандай, табылған балалардың туу туралы куәліктері жоқ, тіпті мүлдем болмаған. Тек екі үлкеніне – 6 және 7 жастағы ағасы мен әпкесіне ғана куәлік рәсімделген. Бұл туралы Павлодар әкімдігі Tengrinews.kz тілшісінің ресми сұрауына жауап ретінде хабарлады. Жауапқа сәйкес, екі үлкен бала Павлодар перзентханасында дүниеге келген, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

"Павлодар полиция басқармасының мәліметінше, бұл отбасы 2016 жылы Ресей Федерациясының Барнаул қаласынан Қазақстанға келген. Павлодарда тұрғылықты жерін тіркемеген және құжаттарын рәсімдемеген. Үлкен балалары Павлодар қалалық ауруханасында дүниеге келген", - деп түсіндірді Павлодар әкімінің орынбасары Светлана Гладышева.

Туу туралы куәліктерде екі баланың да "әкесі" деген бағаны толтырылмаған. Қалған төрт баланың құжаттарын рәсімдеу сот шешімін алғаннан кейін басталады. Ресми деректер бойынша, балалардың тууын тіркеу туралы талап арыз берілген.

"Бұл отбасының кәмелетке толмаған балалары Украина азаматтары болып табылады. Қазақстан Республикасының "Азаматтық туралы" және "Халықтың көші-қоны туралы" заңына сәйкес, кәмелетке толмағандардың анасының Қазақстан азаматтығын алуына негіздер мен растайтын құжаттар жоқ. Балалардың анасымен әңгімелесу барысында құжаттарды рәсімдегеннен кейін отбасы Барнаулға барып, сол жерде өмір сүруді жоспарлап отырғаны анықталды", - деп хабарлады Павлодар білім бөлімінің өкілдері Tengrinews.kz тілшісіне.

Сонымен қатар, отбасының Павлодарда өз тұрғын үйі болмағаны, жиі қоныс аударып тұрғаны нақтыланды.

"Орманда табылған сәтте отбасы Қазақстан аумағында болуын қайта тіркеу үшін Щербакты ауданына қарай бағыт алған. Алайда, отбасының жеке басын куәландыратын құжаттары мен балалардың туу туралы куәліктері болмаған. Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналарын әкімшілік жауапкершілікке тарту жоспарланып отырған жоқ. Балалар ата-анасымен бірге болған, олардың өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төнген жоқ", - деп атап өтті Павлодар білім бөлімінде.

Еске сала кетейік, мамыр айының басында екі ер адам орманда балалардың жылаған дауысын естіп, көпбалалы отбасы жатқан жерді тапқан. Жергілікті тұрғындар сол сәтте болған оқиғаны видеоға түсірген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар