Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ресей Моңғолияда атом электр станциясын салып, кейін оны "өзі басқаратынын" хабарлады

17:54, 03 қыркүйек 2024 1734

Ресей Моңғолия жерінде атом электр станциясын салады, деп хабарлайды  Alash.kz ұлттық порталы. 

Ресей Моңғолияда атом электр станциясын салады. Бұл жайлы "Росатом" компаниясының басшысы Алексей Лихачев хабарлады. Оның айтуынша, қазір жоба егжей-тегжейлі талқыланып жатыр. Жоспарға сәйкес, жаңа атом станциясы Хархорум  ауданында бой көтермек.

Моңғолияда салынатын шағын атом электр станциясының жобасы іс жүзінде бекітілген.

Алдымен станцияны ресейлік ұйым басқарады. Көктемдегі "Атомэкспо" форумында Моңғолияда шағын модульдік атом электр станциясын құрудың жол картасына қол қойылды. Себебі, 220-дан 330 мегаваттқа дейінгі қуаттағы құрылым моңғол тарапына, жаңа Астана -  Хархорумға аса қажет", - деді Лихачев. 

"Росатом" Бас директорының айтуынша, бір күн бұрын "Монатоммен", Энергетика министрлігімен, Моңғолия Қауіпсіздік кеңесімен көп деңгейлі келіссөздер болған. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар