Айта кетейік, Төлеев - ұлты қазақ, оның әкесі Алашорда қайреткерінің ұрпағы болған. Төлеевтің анасы жартылай татар, жартылай башқұрт. Аман Төлеев Кемер облысын 20 жылдан астам уақыт басқарды. Өңір басшысы қызметіне 4 мәрте сайланған.
«Өңіріміз өмірінің тұтас бір дәуірі Аман Ғұмырұлымен байланысты: ол кеншілер Транссібір темір жолындағы қозғалысты бөгеп, рельске отырып, қиын-қыстау кезеңде оны басқарып, дағдарыстан алып шықты. Кузбастықтардың есінде Аман Төлеевті өз қызметінде әрқашан халық мүддесін бірінші орынға қойған нағыз халық губернаторы ретінде қалады», – деп жазды Кемер облысының губернаторы Цивилев.
Еске сала кетейік, 2018 жылғы 25 наурызда Ресейдің Кемер аймағында «Зимняя вишня» сауда орталығы өртеніп, соның салдарынан 64 адам қаза тапты. Көз жұмғандар арасында 41 бала болған еді. Зардап шеккендердің жалпы саны 80 адамға жуықтаған болатын. Өрттен кейін Аман Төлеев Кемер облысының губернаторы қызметінен өз еркімен кету туралы өтініш берді.