Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ресей үкіметі: Орынбордағы сұмдық тасқын су 4 күнде Оралға жетеді

17:11, 11 сәуір 2024 652

Ресей үкіметінің мәлімдемесіне орай, Орынборда су тасқынының шарықтау шегі 12 сәуірде реттеледі. Бұл туралы Alash.kz мәлімдейді. 

БҚО-да су тасқынының қауіптілігі 17-19 сәуірге қарай күтілуде.  «Қазводхоз» хабарына сенсек, Ириклинск су қоймасы мен Сақмара өзенінің тасуы су көтерілуінің одан әрі қаупін тудырып отыр.

Дәл қазіргі уақытта Орынбордағы су деңгейі 10,75 метрді құрап отыр. Бұл тарихи оқиға. 1957 жылы Орынбордағы Жайықтың деңгейі тек 9,74 метрге дейін жеткен еді. 

«Мынадай жойқын қарғынмен кеткен су 5-6 күннің ішінде Оралға жетеді», - деп хабарлады «Қазводхоз».

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар