Орынбор облысының билігі Жайық өзеніндегі су деңгейі тарихта болмаған рекордтық көрсеткішке айналғанын айтты. Су әлі де арнасынан тасып, көтеріліп жатыр, деп хабарлайды Alash.kz.
Орынбор облысының губернаторы Денис Паслер Жайық өзенінің су деңгейі бір түнде жарты метрден астам көтеріліп,сәрсенбі күні таңертеңгі көрсеткіштен 10 м 22 см-ден асып кеткенін мәлімдеді.
"Орынборды су басып жатыр. Су Геннадий Донковцев көшесіндегі көпқабатты үйлерге, Дубки тұрғын үй кешеніне және Гранд саябаққа жақындады, бірақ дәл қазір топан су басу қаупі жоқ. Жол көпірі су астында қалды. Ауыздықтау үшін төтенше жағдайлар министрі Александр Куренковтың шешімімен, "Орынборға су толтыратын бөгеттер жеткізіліп, Черепанов көшесін топан судан сақтау процесі жүріп жатыр. Төтенше жағдай қызметкерлері тәулік бойы кезекшілікті жалғастыруда», - деді облыс әкімі.