Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Руслан мың жасасын: 5 жыл бала көтермеген келіншекке ана болу бақыты сыйланды (ВИДЕО)

17:13, 15 қазан 2024 980

“Көреміз” ток шоуы 5 жыл бойы құрсақ көтермеген анаға ана болу бақытын сыйлады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

1 жыл бұрын “Көреміз” редакциясы өзгенің баласын бауырына басқан Шынар есімді ару туралы эфир арнаған еді.

Шынар Бейсенбек ол кезде өзі баққан баланы алуға көмек сұраған еді.

4 жылдан бері құрсақ көтере алмаған келіншек өзгенің баласын бауырына басып қараған.

 Бірақ, артынша заң бойынша Шынар баласын биологиялық анасына қайтарған болатын. 

50 жасында екі қызды болған Баян Алагөзоваға арнаған бағдарламада Шынар да қонақта болды. Оған ұжым атынан ана болу бақыты сыйға тартылды. Яғни, экомен құрсақ көтеруге тегін сертификат берілді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?