Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сәуір-мамыр айларында Қырғызстаннан Ресейге аударылған ақша 2-2,5 есе көбейген

03:58, 11 шілде 2022 254
[ad_1]



Биыл сәуір-мамыр айларында Қырғызстаннан Ресейге аударылған ақша алдыңғы айлармен салыстырғанда 2-2,5 есе көбейген. Бұл мәліметті Қырғызстанның ұлттық банкі жариялады деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз редакциясы.


Бұл мәліметке қарағанда 2022 жылдың алғашқы кварталында Қырғызстаннан айына шамамен 35-41,5 миллион доллар шетелге шығарылса, сәуір айында бұл көрсеткіш екі есеге жуық ұлғайып, 80 миллион долларға жеткен, ал мамыр айында 85,5 миллион болған.


Шетелге аударылған ақшаның 90 пайыздан астамы Ресейге кеткен. Қырғыз ұлттық банкінің мәліметіне қарағанда, қаңтар-наурыз айларында Ресейге айына 40 миллион доллар жіберілсе, сәуірде 73,3 миллион доллар, ал мамырда 80 миллион доллардан астам қаржы Ресейге жөнелтілген.


Мұнан өзге, Қырғызстанға халықаралық қаржы жүйесімен аударылатын ақша да күрт көбейген. Мұнда да Ресей алғашқы орында тұр. Бұл елден сәуір мен мамыр айында 242,3 - 245,6 миллион доллар түскен. Ал осы айларда Қырғызстанға шетелден келген қаржы 255,2 - 257,2 миллион болған. Оған дейін Қырғызстанға айына келетін ақша 188 миллион доллардан аспаған.


Биыл маусымның соңында Қырғызстан ұлттық банкі қаржы рыногында АҚШ доллары жеткіліксіз болып жатқанын мәлімдеп, оны кейбір жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың алыпсатар операциясымен байланыстырған. Кейіннен қырғыз ұлтық банкі коммерциялық банктер долларды айырбастағанда 5 пайызға дейін комиссия ұстай бастағанын хабарлаған.


Қырғызстан ұлттық банкі алыпсатарлармен күрес мақсатында ақша аударымына уақытша шектеу қойған. Оны тек ақша аударушы елдің валютасымен немесе соммен беретін еткен. Мысалы, Ресейден доллармен, я еуромен келген аударымдарды тек рубльмен немесе соммен, Қазақстаннан келген аударымдар тек теңгемен немесе соммен берілетін болған.


Биыл ақпанның 24-іне Ресей Украинаға басып кірген соң Батыс елдері Ресейдің қаржы жүйесіне де санкция салған. Ресей кәсіпкерлері мен жеке тұлғаларының постсоветтік кейбір елдердің қаржы жүйесін пайдалануға ұмтылатыны байқалған.







[ad_2]

Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар