Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

СДУ студенттері IT саласындағы Бизнес-анализ негіздерін оқитын болады

09:46, 17 қараша 2022 152
Сулейман Демирель атындағы университетте «"Business Analysis Fundamentals"» және «Software Testing Foundations» курстары оқытылатын болады. Бұл туралы университеттің баспасөз қызметі хабарлады.

 

Бүгін Сулейман Демирель атындағы университет пен DataArt IT-компаниясы арасында меморандумға қол қойылды. Серіктестік аясында университетте «Business Analysis Fundamentals» және «Software Testing Foundations» курстары ашылады. Курс барысында студенттер инженерлерден білім алып, практикалық дағдыларды меңгере алады. Университет пен халықаралық компания арасындағы келісімшарт IT саласын дамытуға, студенттерге нақты кейстерді талдап, мамандықты меңгеруге көмектеседі.

«DataArt IT-компаниясымен бірнеше жылдан бері серіктес болып келеміз. Студенттеріміз бен түлектеріміз компаниямен бірлесе халықаралық жобаларды жүзеге асыруға атсалысып жүр. Алдағы уақытта да білімгерлеріміз ауқымды жобалар бойынша жұмыс істейтінімізге қуаныштымыз. Университетіміз нарықтағы жұмыс берушілермен серіктестік орнатуға әрдайым ашық. Жаңадан ашылатын курстар болашақ айти мамандарға пайдалы болады деген сенімдеміз», – деді СДУ проректоры Андрей Богданчиков.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?