Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Сен тұрасың, Ербаян». Комаға түскен сарбаз анасының сөздері жалпақ жұртты жылатты

18:45, 24 тамыз 2024 6542

Әскерге барып, жұмбақ жағдайға басы жарылып, кейін комаға түскен сарбаз Ербаян Мұхтардың еміне халық 140 млн теңге жылу жинап берді. Сарбаз қазір Астана іргесіндегі Қосшы қаласында өз үйінде жатыр. Анасы журналистерге ұлының жағдайын айтты. Оны тыңдаған көпшіліктің көзіне жас үйірілді, деп хабарлайды Alash.KZ. ұлттық порталы.

Ербаян Мұхтардың анасы "Азаттық" радиосының журналистерімен тілдесіп, ұлының жағдайын баяндады:

Арманым… Арманым — осы Ербаяным он екі мүшесі сау болып, аяғына нық тұрып кетсе деймін. Бұрынғыдай ойнап-күліп, «мама» деп құшақтап, сүйсе… Дауысын да сағындым, шыны керек. Қатты сағындым. Күнде Алладан тілеймін, түнде жатарда да Ербаянға айтам, таңертең де айтқыздырам. «Ербаян, Аллаға шүкір» деші демсем, «Айттым» дейді ғой аузы жыбырлап, көзімен. «Ербаян, бүгін менің күнім деп айт» деп қайтала деймін. «Айттым» дейді көзбен. «Менде бәрі жақсы» деп айт деймін, «мен мықтымын деп айт» десем, айтады. «Сен тұрасың, Ербаян, тұрасың» десем, көзбен жауап береді. Бар арманым — осы, - деді анасы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар