Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сенатор Алишер Сатвалдиев «Тик-Токты» бұғаттауды ұсынды

09:55, 15 ақпан 2024 290
Сенатор Алишер Сатвалдиев «Тик-Ток» алаңында жағымсыз көріністердің жастар санасын бұзып жатқанын алаңдаулы. Ол осыған байланысты Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдады.

Оның айтуынша, ондағы мазмұн да әртүрлі, оның ішінде толық қалыптасып үлгермеген балалар мен жасөспірімдердің сана-сезіміне зиян тигізуі мүмкін.
«Өткен аптада ақтөбелік тұрғын әлі етегін жинап үлгермеген 8-11 жас аралығындағы қаракөздеріміздің жалаңаш фотоларын порно сайтта саудалағаны белгілі болды. Бұл – өрімдей жастарымыздың ғаламтордағы қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмай отырғанымыздың айқын көрінісі. Қаскөй өз құрбандарын TikTok әлеуметтік желісінде құрығына түсіріп отыруының басты себебі – бақылаудың әлсіздігі. Статистика желі қолданушыларының 75%-ы 13-24 жас арасындағы азаматтар екенін көрсетті. Тіпті 4-5 жасар балалардың өзі күнделікті орташа 75 минутын желідегі видеоларды көрумен өткізеді екен», – деді ол.

Алишер Сатвалдиев бұл ретте, шара қабылдауды ұсынды.
«Көтеріліп отырған мәселе өскелең ұрпақтың тағдырына теріс әсер етенінін ескере отырып, шұғыл шаралар қабылдау керек деп есептейміз. Осы орайда TikTok және өзге де әлеуметтік желі әкімшілігі тарапынан ұлттық заңнамамыздың талаптарын орындауы және кәмілетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысына мониторинг жүргізу керек. Анықталған кемшіліктер бойынша халықаралық тәжірибеге сүйеніп, тиісті шаралар қабылдауды ұсынамыз. Сонымен қатар TikTok платформасының батыстық үлгісіне сай жаңа функциялары мен алгоритмдерін біздің елде енгізілуін, интерфейстегі шағым беру нұсқаларына ұлттық құндылықтарға жат және адами қасиеттердің жоғалуына себеп болатын материал тетіктерін қосу, тікелей трансляцияларға жас ерекшелігін айқындайтын және жас санаттарын көрсететін белгілерді қоюды талап ету қажет. Осы және өзге талапты орындамаған жағдайда ел аумағында платформа жұмысын тоқтату шараларын қарастыру орынды деп білеміз, – деді сенатор.

Фото: Сенат отырысындағы видеодан скриншот және pixabay.com
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар