Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шаршадым: Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтен кешірім сұрады (ВИДЕО)

14:55, 09 мамыр 2024 1993

Заманбек Нұрқаділовтың үйін сатамға шығарғалы жатқан Мақпал Жүнісованың даусына ұқсас әйел адамның видеосы желіні шулатты.

Бейнежазба әуелі Мақпал Жүнісованың ресми парақшасына шығып, кейін өшірілді. Дауыс иесі видеодан көрінбей, кадр сыртында сөйледі.

"Зәке, сен мені кешір. Мен шаршадым. Менің сенің дүниеңді сақтап отырғаныма 20 жыл болады екен. Кешір мені. Егер де Үкімет сенің дүниеңді алып кетпейтін болса, туған туысқандардың бәріне таратып, мына үйді сатамын. Маған оңай болмай тұр. Сол үшін тойға барып жүрмін. Ай сайын сіздің үйіңізді сақтау үшін жүз мың теңге керек. Бұл жерде біз шомылмаймыз да, саунаға да түспейміз. Ешқандай затыңызды пайдаланған да жоқпыз. Бұл үйге газ жүргізілмеген, Зәке. 20 жыл бойы екі үйге 210 мың теңгеден төлеп келе жатырмын. Екі үйге де газ жүргізілмеген. Мен жылағым келеді, шаршадым, Зәке", - дейді видеодағы Мақпал Жүнісованың даусына ұқсас әйел.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар