Шерзат Полаттың ісі сотқа түсті, енді жәбірленушіні жаңа адвокаттар қорғайды, деп жазады Alash.KZ.
Сот іс материалдарының қабылданғанын растады. Енді жәбірленушілердің мүддесін жаңа адвокаттар тобы қорғайды.
Олар - Мейірман Шекеев, Әлім Мұстафаев, Бекзат Миязов, Жандос Палманов, Бағдат Амандосұлы, Нұрболат Ибраев және Дина Досаева.
Қылмыстық іс бойынша 9 адам күдікті деп танылған.
Олар:
🔶 Белгожаев Шыңғыс Айдосұлы
🔶 Әскентай Дархан Баялханұлы
🔶 Ильясов Нұрқияс Толетбекұлы
🔶 Сакиев Равиль Магамедович
🔶 Тоқтаубаев Нұрбол Маратбекұлы
🔶 Қалиахмет Дидар Еркінұлы
🔶 Тоқтаубаев Азамат Маратбекұлы
🔶 Ысқақ Думан Қайдарұлы
🔶 Шынасыл Абзал Нұрғалиұлы
Бір қызығы, бұған дейін 11 күдікті бар екені айтылған еді.
Айта кетейік, тергеу барысында 40 сот-медициналық сараптама жүргізілген. 200-ге жуық куәгер сұралып, күдіктілердің айғақтары мен сегіз бейнежазба тексерілген. Қылмыстық істің көлемі 62 том.