Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шерзаттың әкесі: Тоқаев басқа елге көшуіме жағдай жасап берсін

09:26, 15 қазан 2024 2671

Талғарда қаза тапқан марқұм Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов президент Тоқаевтан басқа елге көшіп кетуіне жағдай жасап беруін сұрады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

“Бір ғана өтінішім бар, қазақ елінде ешқандай қан-төгіс болмасын. Тоқаев мырзадан сұрайтыным, отбасымды аман-есен алып, басқа мемлекетке көшіп кетуіме жағдай жасасын”, – деді Шерзаттың әкесі.

Ол соңғы шыққан видеосына пікір білдірді. Видеода әкесі пышақ ұстап шыққан еді.

“Олар пышақпен келді. Мен енді қаламмен немесе қағазбен шықпаймын ғой. Жалынып, жалбарынып сұрадым, қолдарын алдым. Сол жерде қолдарын еркекше беріп кетті. Артынан келіп істеп отырған тірлігі мынау. Мен, Шерзат немесе Нұрғанат біреуіміз сол жерде қан төксек бізді қаралап, “қанішер” десеңіздер болады. Мен қан төккен емеспін, қан төкпеймін де. Менің басымдағы жағдайды, қарындасымның, анамның , әйелімнің қалай жылғананын көрсеңіздер түсінесіздер. “Анам, әкем” деп жылау бір бөлек, бірақ “ботам” деп жылау мүлдем бөлек. Мен қазақ болған соң бірде-бір қазақтың қаны төгілмесін деймін. Айтарым осы. Соттаймын, атамын десеңіздер өздеріңіз білерсіздер”, – деді марқұмның әкесі Қаржаубай.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар