Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шетел архивтерінде әлі де құнды материалдарымыз жатыр - тарихшы

10:31, 29 қараша 2023 543

Тарихымызды таспалап, жоғалғанды тауып, кем-кетікті бүтіндеуге соңғы жылдары ерекше көңіл бөлініп келеді.


Президент Қ.Тоқаев «Қазақ даңқты тарихын ат тұяғымен жазған халық. Біз ұлан-ғайыр жерін жауға бастырмаған батыр елдің ұрпағымыз. Алапат соғыста жеңіске жеткен қаһарман ерлердің ізбасарымыз. Қазір еліміздің күштік құрылымдары қазақстанынң қауіпсіздігін қас қақпай күзетіп тұр. Отанымызыдң іргесі берік болуын қамтамасыз ету – әр азаматтың перзенттік парызы» деген болатын. Тарихымызды түгендеу – ұлт мүддесі дейміз. Ал сол ұлттық мүддеге тарихшыларымыз қаншалықты үлес қосып келеді? Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметері, тарихшы Аман Күнікеевпен сұхбатымыз төл тарихымыз төңірегінде өрбіді.

Елімізде отандық ғылымды өрістетуге қаншалықты көңіл бөлініп жатыр? Отандық ғылыми жетістіктерді ілгері жылжыту бағытында қандай істер атқарылды?

Отандық ғылымды дамытуға орасан көңіл бөлініп, тәуір-ақ жағдай жасалынуда. Соңғы жылдары жалдан жылға бөлінетін қаражат артуда. Әрине қаражат бірден қомақты түрде беріле салмайды, ҚР президенті Қ.Тоқаев ғылымды басты назарға қойған болатын, жолдауларында ғылымды атаймай өтпейді, сол себепті қаражат бөлу жағынан біртіндеп арту үстінде. Отандық ғылыми жетістіктерді ілгері жылжыту бағытында жас мамандарымыз ұтып алынған жоба тақырыптары бойынша зерттеу жұмыстар жүргізуде. Жас ғалымдарды қолдау мемлекеттік деңгейде қолға алынғандығы белгілі, мәселен жыл сайын 40 жасқа дейінгі жас ғалымдарға арналған жеке гранттық конкурстар жариялайды. Конкурстан ұтып алынған тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстар жүргізіледі. Біздің институтымыздың жас мамандары грант ұтып алған болатын, мысалға алатын болсақ Шотанова Ғалия Айтжанқызының «Ақтөбе Лаэти Алтын Орда қалашығын қайта құру: деректану және тарихнамалық аспектілер», Құрманалина Нұргүл Нұрсұлтанқызының «18-19 ғасырдың бірінші жартысы Қазақ хандарының, сұлтандарының, батырларының өмірі мен қызметі (ресей мұрағаттары негізінде)», Қозыбаева Махаббат Мәлікқызының «Соғыстан кейінгі онжылдықтағы Қазақстандағы шаруалар: әлеуметтік өзгеруі және күнделікті өмірі» атты жобалары. Осы жобалардың аясында отандық және ресей федерасясының мұрағаттарынан құжаттар жинастырылды, монография, құжаттар жинағы жарық көрді.

Жас ғалымдар мен зерттеушілерді мемлееттік қолдау соңғы жылдары қолға алынды. Түрлі гранттар, іссапарларға қаражат бөлу, тарихи, архивтік құжаттарды жинастыру ісіне де айырықша көңіл бөлініп келеді. Өзіңіз осындай қамқорлық аясында қай елдің архивтерінде болдыңыз?

–2019 жылы «Ұлы Дала тарихы мен мәдениеті» ғылыми бағдарламасын жүзеге асыру аясында РФ Санкт-Петербург қаласындағы Ресей мемлекеттік тарихи архивіне 25 күндік іссапармен барып қайттым. Кейін 2021 жылы сол аталған архивте (Ресей мемлекеттік тарихи архиві) «18-19 ғасырдың бірінші жартысы Қазақ хандарының, сұлтандарының, батырларының өмірі мен қызметі (ресей мұрағаттары негізінде)» жобасын жүзеге асыру аясында 2 апталық іссапарлық күнде қайта тінтідік. Өздеріңізге белгілі ол кез әлемді жайлаған «Корона вирус» індеті өршіген болатын, сондада жоспар бойынша барып, екі апта ішінде аталған жобалар бойынша құжаттар жинастырып алып келінді. 2022 жылы жоғарыда аталған жоба бойынша, яғни «18-19 ғасырдың бірінші жартысы Қазақ хандарының, сұлтандарының, батырларының өмірі мен қызметі (Ресей мұрағаттары негізінде)» және «Шетелдік аудиторияға арналған Қазақстанның қысқаша тарихын жазу» жобасы аясында кезінде 1920-1920 жылдар аралығында ҚазақАКСР астанасы болған Орынбор қаласына іссапармен Орынбор облысының біріккен мемлекеттік мұрағатынан құжаттар жинастырып алып келдік.

–Алматы қаласының әкімдігі тарапынан тарих институтына қатысты әріптестік байланыс орнатылған ба? Екі жақты бірлескен қандай іс шаралар өтті?

–Институтымыз кезкелген әкімдікпен байланыста, соның ішінде атап өткім келетіні Алматы облысы әкімдігі жанындағы Қоғамдық даму орталығымен әріптестік байланыс жақсы дегім келеді. Жақын арады Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында Алматы облысының Қоғамдық даму орталығының ұйымдастыруымен «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасы аясында «Қарадала және Кеген өңірлері: тарих және қазіргі заман» ғылыми экспедициясы жүргізілді. Соынмен қатар 2020 жылдың қарашасында ҚР Президенті Қ.-Ж. Тоқаев Саяси құғын сүргін құрбандарын ақтау бойынша мемлекеттік комиссия туралы жарлыққа қол қойғаны белгілі. Мемлекеттік комисся аясында республикалық комиссия және 14 облыста және маңызы бар қалаларда комиссия құрылды. Республикалық комиссия, Алматы қалалық комиссия, Алматы облыстық комиссиясында институтымыздың ғалымдары саяси қуғын-сүргін және заңсыз қудалау құрбандарына қатысты тарихи әділдікті қалпына келтіру бойынша тікелей атсалысты және қомақты 31 томдық құжаттар жинағын жарыққа шықты. Өзім Алматы облыстық өңірлік комиссиясының 2 жұмыс тобының жетекшісі болдым, яғни

«Шаруа қожалықтарын күштеп ұжымдас¬тыруға және қазақ отбасыларында отырықшыландыруға ұшыраған байлардың, кулактардың, жартылай феодалдардың (орта шаруалардың) және шаруа қожалықтарының тәркіленген шаруашылықтары бойынша қозғалған қылмыстық істер» бойынша мұрағат құжаттарын қарастырдым.

Осылайша тек Алматы әкімдігі ғана емес республикалық маңызы бар қоғамдық қорлар, мекеме, әкімдік және т.б. тығыз әріптестік байланыста дегім келеді. Яғни институтымыз отандық ғылымды дамытудағы үлесі зор.

Шетелге барған сапарыңыздан қандай олжамен оралдыңыз? Тарихи маңызы жоғары нендей құжаттарды таптыңыз?

Кез келген құжат зерттеуші мамандар үшін аса құнды болып саналыды. Деседе РФ Орынбор қ. Орынбор облысының біріккен мемлекеттік мұрағатында бірнешеуі алынды соның біреуін мыслға келтіре кетейін, «Аса құпия» деген мөрі бар 202-қор 1 тізім 13 іс «Ордада келеңсіз әрекеттер жасап жатқан Сұлтан Ермұхаммед Қасымовты ұстау шаралары туралы ісін» 1846 жылғы құжатты атағым келеді, бұл акелінген құжаттарды зерттеуге тарихшылардың еншісіне қалдырсақ. Болашақта Сұлтан Ермұхаммед Қасымовтың зерттеушісі бүге-шігесін осы әкелінген құжаттармен жаза жатар, сондықтан құжаттың атын ғана атауға тура келіп отыр.

Сұхбаттасқан Қуаныш Рахмет

 

 

 

 

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар