Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шұғыл: Чемпион Жәнібек Әлімханұлы аурухана төсегіне таңылды

08:28, 13 шілде 2024 1183

Жәнібек Әлімханұлының аурухана төсегінде жатқан видеосы тарады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Ол өз оқырмандарына алдағы жарыс туралы баяндады.

"Құрметті ағайындар! Жекпе-жек болмайды деген жаңалықты оқып сіздердің де көңіл күйлеріңіз түскенін білеміз. Себебі жанашыр, тілеулес екендеріңізді білеміз! Әлемнің түкпір-түкпірінен қаншама жанкүйер өнерімізді көрсек деп асыға күтті. Біз де рингте Qazaq style-ды көрсету үшін барымызды салып дайындалдық", - делінген хабарламада.

Qazaq style командасы боксшының жағдайы бірқалыпты екенін мәлімдеді:

"Дегенмен көп спортшылар сияқты біз де салмақ жасау барысында қиындыққа тап болдық. Бірінші рет осындай жағдайды бастан өткердік. Оңай емес екен! Түнімен ауруханада болдық! Мұны да көру керек болған шығар! Қазір Жәнібектің жағдайы бірқалыпты! Денсаулық бірінші орында! Бұйыртса 2-3 ай қалыпқа келіп, рингке қайта ораламыз! Тілеулес жандардың бәріне мың алғыс! Ауырмаңыздар!"

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар