Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шымкентте ит піштіруге 140 млн теңге бөлінді

07:55, 07 ақпан 2023 275
Шымкентте қаңғыбас иттерді кастрациялап, зарарсыздандыруға бюджеттен 140 млн теңгеге жуық қаржы қараcтырылып отыр. Ол істі атқаратындарды анықтау үшін арнайы конкурс та жарияланған.


Былтыр мегаполисте 40 мың ит пен мысық ауланды деген қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Әбунасыр Жанбатыров биыл болжаммен соның тең жартысын есепке алып отырғандарын алға тартты. Оның айтуынша, қарастырылған қаржының 84 млн теңгесі кастрациялауға жұмсалады екен. Егер қаражат артылып жатса, бюджетке кері қайтарылады. Ал кастрацияланған иттер чиппен қоршаған ортаға қайта жіберіледі.

Сондай-ақ иесі бар ит-мысықтар да тіркеуге алынатын болды. Егер олар қараусыз жүрсе, иесіне 5-10 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Алайда қазынаның қыруар қаржысын ит «піштіруге» жұмсауға жұрттың көбі наразы. «Миллиондарды ысырап қылғанша, адамға шабатын иттерді көшеде жүргізбеу керек» деседі олар.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар