Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Солтүстік пен Шығыста әкімдіктер халыққа жайылым тауып бере алмай отыр

17:10, 22 ақпан 2023 325
 


Абай, Ақмола, Қостанай, Алматы, Жамбыл, Павлодар облыстарында пайдаланылмай жатқан немесе заңсыз берілген жерлер мемлекет меншігіне қайтарылып жатыр. Дегенмен, шаруалар мен қосалқы үй шаруашылықтарына жайылым жер әлі де жетпей жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Атырау, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Қызылорда облыстарындағы жайылым жер тапшылығы туралы жазған едік.

Сонымен қатар, батыстағы үш облыста жер артылып жатқанын да жариялаған болатынбыз.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ПАЙДАЛАНЫЛМАЙ ЖАТҚАН ЖЕРЛЕРДІ ХАЛЫҚҚА БӨЛІП БЕРМЕК


Қазіргі күні Абай облысы өзінің ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын жер учаскелерімен толығымен қамтамасыз етіп отыр, дегенмен өңірде ауыл шаруашылығы жерлерінің тапшылығы ауылдық елді-мекендердің тұрғындарының жеке сауын мал басын жаю төңірегінде байқалады, деп жауап берді өңір әкімдігі ресми сауалымызға.

Әкімдіктің хабарлауынша, ауылдық елді-мекендердің тұрғындарының жеке сауын мал басын жаю сұрақтары қазіргі күнде өзекті мәселе. Ауылдық жерлерде халықтың жайылымдық жерлерге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайтару бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайтару жөніндегі жұмысты жандандыру үшін ведомствоаралық комиссия құрылды. 2022 жылдың қорытындысы бойынша жалпы ауданы 84,7 мың га болатын 135 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды», – деп жауап берді әкімдік.

Сондай-ақ, қалалар мен аудандардың әкімдері мемлекеттік емес ұйымдардың (кәсіпкерлер палатасы, қоғамдық ұйымдар, мәслихат депутаттары) өкілдерінің құрамына енгізіле отырып, пайдаланылмайтын, өз бетінше басып алынған жерлерді анықтау бойынша жұмыс топтарын құрды. 2022 жылы – жалпы ауданы 125,84 мың га пайдаланылмайтын және жер заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелері анықталды. Олар бойынша материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін жер ресурстарын басқару департаментіне жіберілді.
 

2023 жылдың басынан бері жалпы ауданы 60,6 мың га болатын 9 жер учаскесі қайтарылды. Қайтару боынша тиісті шаралар қабылдау үшін анықталған саны – жалпы алаңы 38,3 мың га құрайтын 47 жер учаскесі. Жалпы жоспар бойынша 2023 жылы – 250,0 мың га жер учаскесін мемлекет қорына көзделген, – делінген ресми жауапта.

 

Жер балансына сәйкес Абай облысында 9,0 млн га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер бар, оның ішінде егістік – 826,2 мың га, шабындық – 237,7 мың га, жайылымдар – 7,7 млн га.

АҚМОЛАЛЫҚ ШАРУАЛАРҒА 440 МЫҢ ГЕКТАРҒА ЖУЫҚ ЖЕР КЕРЕК

Облыстың жер қорының жалпы құрылымында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 10 908,2 мың га құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылығы алқаптары 10 881,8 мың га, оның ішінде егістік жер – 6 087,5 мың га, тыңайған жер – 218,2 мың га, шабындық – 154,4 мың га, көпжылдық екпе – 1,5 мың га, жайылым – 4 420,2 мың га.

2022 жылы облыстың аудандары мен қалаларының әкімдіктері конкурс арқылы жалпы ауданы 49 192 га  86 жер учаскесін берді, оның ішінде 8 415 га егістік, 40 777 га жайылым.
 

Халықтың жеке ауласын жайылымдық алқаптармен қамтамасыз ету мәселесі бойынша 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыс бойынша халықтың мал жаюы үшін жайылымдық алқаптардың тапшылығы 437,8 мың га алаңда байқалады, – дейді әкімдік.

 

Халықты жайылымдық жерлермен қанағаттандыру үшін 2022 жылы өңірлердің әкімдіктері елді мекендердің шекараларын кеңейту бойынша жұмыстар жүргізді, 78,6 мың га алаңда, қордағы жерлердің ішінен 4,1 мың га ауылдық округтердің әкімдеріне бекітілді..

Биыл аудандардың, қалалардың әкімдіктері халықты жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету үшін 17,8 мың га алаңда елді мекендердің шекараларын кеңейту, 3,5 мың га алаңда босалқы жерлерді беру, 2022 жылы қайтарылған жерлердің ішінен 89,4 мың га алаңда жайылымдарды басқару жөніндегі жоспарларға қосу жөніндегі жұмысты жоспарлады.

2022 жылы облыс аумағында 302,4 мың га пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлері қайтарылды.

БҮКІЛ ЖЕРДІ ТАРАТЫП БЕРСЕ ДЕ ҚОСТАНАЙ ШАРУАЛАРЫНА ЖЕТПЕЙДІ

Қостанай облысы әкімдігінің хабарлауынша, өңірде 1,3 млн га жайылым бар. Бұл жер қосалқы үй шаруашылықтарындағы мал жаюға пайдаланылып отыр. Бұл жер көлемі жетпейді, тапшылық 1 млн га.
 

Аудан әкімдіктері осы мәселені шешу үшін 2022 жылы мемлекеттік қордағы 527,9 мың га жерді халықтың қажеттілігін қанағаттандыру үшін олардың жеке ауласын күтіп ұстау бойынша резервте қалдыру жұмыстарын жүргізді, – дейді облыс әкімдігі.

 

Одан бөлек 2022 жылы 518,2 мың га жер мемлекетке қайтарылып, оның 224,1 мың гектары айналымға берілген.

2023 жылы пайдаланылмай жатқан және заңнаманы бұза отырып алынған 330 мың га жер мемлекет меншігіне өтпек.

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ҮШ АУДАНЫНДА ТАПШЫЛЫҚ БАР

Алматы облысы аумағында, ауыл шаруашылығы жерлерінің ішінде, жайылымдық жерлерге жеке аулалар тарапынан тапшылық бар. Олар халқы тығыз орналасқан Қарасай, Іле және Талғар аудандарында.

2022 жылы аудандар халқының жайылымдарға мұқтажын қамтамасыз ету үшін, пайдаланылмай жатқан көлемі 112,0 мың га жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды. Сонымен қатар, ерікті түрде қайтарылған көлемі 602,4 мың га жайылым елді мекендерге қосымша бекітіліп берілді. Аудан және қала әкімдіктерімен, мемлекет мұқтажы үшін көлемі 78,2 мың га жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару және көлемі 285,5 мың га жайылымдық алқаптарды пайдаланбауына байланысты мемлекет меншігіне қайтару бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Әкімлдіктің хабарлауынша, 2023 жылы аудандар халқының жайылымдарға мұқтажын қамтамасыз ету үшін, көлемі 220,0 мың га жерді мемлекет меншігіне қайтару жоспарлануда.

2022 жылғы 1 қарашадағы жер есебіне сәйкес, Алматы облысы аумағындағы ауыл шаруашылығы жерінің жалпы көлемі  4 310,7 мың га, оның ішінде егістік – 459,8 мың га, көпжылдық екпе – 18,7 мың га, тыңыйған жер – 54,7 мың га, шабындық – 63,1 мың га, жайылым – 3 658,2 мың га және басқа да жер – 56,2 мың га.

ПАВЛОДАР ХАЛҚЫНА ЖЕР ЖЕТПЕЙ ЖАТҚАНДА ЖҮЗДЕГЕН МЫҢ ГЕКТАР БОС ЖАТЫР


2022 жылғы қаңтарда жүргізілген талдау нәтижелері бойынша қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен бірлесіп 36 ауылда көлемі 282 мың га болатын жайылымдардың тапшылығы анықталды, деп хабарлайды әкімдік.

Жайылымдардың жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін қалалар мен аудандардың әкімдіктері халықтың мұқтажын қанағаттандыру үшін алып қоюға болатын көлемі 102 мың га болатын 207 учаске анықтады.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 2022 жылы халықтың мұқтажы үшін 111,8 мың га жайылым бөлінді, оның ішінде мемлекет меншігіне қайтарылғандар 67,2 мың га, резервтелген 44,6 мың га жайылым.

51,8 мың га алқапта халықтың мал жаюы үшін ауылдық округ әкімдері мен ауыл шаруашылығы өндірушілері арасында 56 меморандум жасалды. Сондай-ақ, өткен жылы елді мекендердің жайылымдары 8,0 мың гектарға ұлғайтылды.

2022 жылдың басынан бастап мемлекеттік меншікке 385,6 мың га қайтарылды.

Павлодар облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаментінің деректеріне сәйкес, 2023 жылы пайдаланылмаған жерлерді қайтару жоспары 380 мың га құрады.

Жердің болуы, оларды санаттар, ауыл шаруашылығы алқаптары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бойынша бөлу туралы есепке сәйкес облыс жерінің жалпы ауданы 12 млн. 470,5 мың га құрайды, соның шінде:



    • ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 7 млн.390,7 мың га, соның шінде егістік 2 млн га, тыңайған жер 183,3 мың га, шабындық 175,4 мың га, жайылым 4,9 млн га.




 



    • елді мекендердің жерлері 1,8 млн га;




 



    • өнеркәсіп, көлік, байланыс жерлері 121,5 мың га;




 



    • ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері 357,9 мың га;




 



    • орман қорының жерлері 126 мың га;




 



    • су қорының жерлері 78,9 мың га;




 



    • жер қоры 2,6 млн га, оның ішінде тыңайған жер 274,1 мың га, шабындық 83,6 мың га, жайылым 1,7  млн га.




 

Облыстың ауыл шаруашылығы алқаптарының ауданы 11,2 млн га, оның ішінде 2 млн га егістік, 490 мың тыңайған жер, 8,3 млн га жайылым, 302,3 мың га шабындық, 3,1 мың көпжылдық екпелер.

Halyq Uni алдағы уақытта әр өңірдегі ауыл шаруашылық жерлер туралы мақалалар сериясын жалғастырады.


Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар