Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сот-медициналық сарапшы: Кешегі сот отырысы 33 жылға татыды

11:34, 11 сәуір 2024 678

Салтанат Нүкенованың мәйітіне сот-медициналық сараптама жүргізген сарапшы Тахир Халимназаров инстаграм парақшасын ашып, қазақстандықтарға өз алғысын жеткізді, деп хабарлайды Alash.kz.

Халимназаров сот отырысында Бишімбаевтың адвокаттарының әр қойған сұрағына мүдірмей жауап беріп, өзінің жасаған сараптама қорытындыларын нақты дәлелдей білді.

Тікелей эфирді көрген қазақ халқы сарапшының біліктілігіне таң қалып, алғыстарын білдірген.

Тахир Халимназаровтың жаңа ашқан инстаграм парақшасына бір күнге жетпей үш мың адам тіркеліп үлгерген.

«Құрметті оқырмандар! Мені қолдап, жылы сөз жазып жатқандарыңызға рақмет! Мен туралы және менің кәсіби біліктілігіме қатысты айтып жатқан пікірлеріңіз мен үшін маңызды. Кешегі күн сүйікті ісіме арнаған 33 жылға татыды!», - деп жазды ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар