Шахматтан Қазақстан құрамасының мүшелері топ жарды. Ақыл аламанының майталмандары жасөспірімдер арасында құралған әлемдік рейтингтің топ-20-лығында еніп, бірден бес орынды иеленді, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы 1БОЛ сайтына сілтеме жасап.
Халықаралық шахмат федерациясы (ФИДЕ) әлемнің үздік шахматшыларының рейтингін жаңартты. Жасөспірімдер арасында үздік жиырмалық қатарында қазақ шазматшылары бар. Тізімге Бибісара Асаубаева, Меруерт Камалиденова, Ксения Балабаева, Алуа Нұрман және Лия Құрманғалиева енген.
Алғашқы жиырмалыққа Үндістанның төрт өкілі мен екі қытайлық шахматшы ілікті. Одан бөлек ұлттық құрама көшбасшысы Бибісара Асаубаева әйелдер арасында әлемдік рейтингте 16-орынға тұрақтады.
Айта кетейік, Қазақстанның әйелдер құрамасы Будапеште өткен шахмат Олимпиадасында күміс жүлдегер атанды. Құрама намысын Бибісара Асаубаева, Меруерт Камалиденова, Ксения Балабаева, Алуа Нұрман және Әмина Қайырбекова қорғады.