Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Табыт секілді". Жаркентте 50 жасқа толған туған күн иесін қорапқа салып, иыққа артқан видео тарады

17:08, 02 шілде 2024 1171

Әлеуметтік желіде Жаркентте өткен "қорап көтергендер" тойының видеосы тарады. Бейнежазба мерейтой өткен мейрамхананың әлеуметтік желісінде жарияланған. Онда бірнеше адам қорапқа отырған қуаныш иесін көтеріп, көпшіліктің назарын өзіне аударады, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Қолда бар ақпаратқа сенсек, Қанат есімді адам өзінің 50 жасқа аяқ басқанын биыл, 30 сәуір күні, тойланған. Сонымен қатар, әлеуметтік желідегі видеоның иесі публикацияға пікір жазу функциясын өшірген.

Ерекше өткен тойдың видеосы өзге де парақшаларға тарап, желі қолданушыларының назарын аударған. Мысалы:

«Мына кісінің үрім-бұтағында жанашыр кісі болмаған ба? Биіктен көріну деп осыны айт. Мына көрініс өте ұят екен, 50-ге келіп, жұртқа күлкі болғаны ұят болды. Бала кезінде жәшікке көп тығылып ойнаған-ау. Табыт сияқты ғой. Ертедегі патшалардай. Тойға несие алған шығар. Елуге келсе де, ес кірмеген. Дарақылық», - деп жазған көпшілік.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар