Ұлттық қауіпсіздік комитетінде ауыс-түйіс болды. Қанатай Далматов Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары болды, - деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының өкімімен Қанатай Жорабекұлы Далматов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.