Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тарихымыз бен тіліміз – тамырлас, дініміз – ортақ - ТОҚАЕВ

17:51, 08 тамыз 2024 315

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Астанада ұлы ақын, көрнекті ойшыл Әлішер Науаи ескерткішін салтанатты түрде ашты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.

– Тарихымыз бен тіліміз – тамырлас, дініміз – ортақ. Мұхтар Әуезов «Әлішер Науаи жалғыз өзбек әдебиетінің көлемінде қалған жоқ. Бертін келе Азиядағы, Шығыстағы көп елдің әдебиетіне әсер етті» деген. Біз ұлы ақынның мұрасын күллі түркі жұртының рухани қазынасы деп санаймыз.

Шоқан Уәлихановтың Әлішер Науаи шығармашылығын алғаш зерттеушілердің бірі болғанын мақтан тұтамыз. Ал ұлы Абай оны өзіне ұстаз санаған. Әлішер Науаидың өзіне тән қолтаңбасы, ойының тереңдігі және көркемдік шеберлігі күллі әлем ақындары мен жазушыларына шабыт сыйлады. Бұл үрдіс әлі де жалғасып келеді, – деді Қазақстан Президенті.

Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан халқына алғыс айтып, ұлы ойшылдың шығармашылығы ортақ қазына деп бағалады.

– Өзбек пен қазақ туысқан халық. Қазақтың көрнекті ақыны, марқұм Несіпбек Айтұлы 2020 жылы Әлішер Науаидың ең басты еңбегі «Хамсаны» қазақ тіліне аударып, жарыққа шығарғанын ерекше ықыласпен айтқым келеді, – деді Өзбек елінің басшысы.

Салтанатты шараға Қазақстан мен Өзбекстанның ресми делегация мүшелері, сондай-ақ екі елдің зиялы қауым өкілдері қатысты.

 

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар