Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

TikTok-та руларды жарыстыратындар көбейді: бұл заңды ма ?

15:28, 23 тамыз 2024 301

TikTok әлеуметтік желісінде қазақтың руларын тізіп жазып, жарыс өткізетіндер көбейді, деп хабарлайды Alash.kz Ulus media ға сілтеме жасап.

Руларды қалай жарыстырады

Аталған әлеуметтік желіде бір емес, бірнеше қолданушы рулар жарысын өткізіп, табыс тауып отыр. Ойын ережесі оңай: рулардың тізімі келтіріледі. Кім руының атын жазып, Каспий банк нөміріне ақша жіберсе, сол рудың есімін жоғары қояды. Пікір қалдыратын жерде адамдар кейде бір-бірімен ерегесіп, дауласып отырады.

Бұл заңмен қудалануы мүмкін бе

 Тілшілер “бұл заңмен қудалануы мүмкін бе? Елдегі трайбализмді күшейтер көрінісі бар ма?” деген сұраққа жауап іздеп заңгерлерге қоңырау шалып көрген.

Адвокат Айжан Дәрібаева бұл жағдайдан заңға қайшы әрекет көрмейді.

– Моральдық тұрғыда баға бермей-ақ қояйын, алайда заңды тұрғыда жауапкершілікке тарту мүмкін емес деп ойлаймын, өйткені азаматтар өз еркімен ақшасын жіберіп жатыр, – дейді заңгер.

Дегенмен, бұған балама пікір бар. Тағы бір заңгер ақшаны тек коммерциялық емес ұйымдар қайырымдылық мақсатпен жинай алатынын ескертеді.

Меморгандарға сауал

Мәдениет және ақпарат министрлігі бұл әрекеттерге қалай баға береді? Министрліктің идеологиялық жұмысына жауапты бөлімі тарапынан құзырлы органдарға осы жайттар жөнінде қандай да бір ұсыным, өтінімдер жасала ма? Ішкі істер министрлігі жоғарыда аталған әрекет заңға қайшы әрекетт деп есептей ме? 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар