Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Украина шекарасында мыңдаған адам Еуропадан пана сұрап тұр

09:47, 27 ақпан 2022 249
Украинаның Ресей басқыншылығынан қауіптенген ондаған мың азаматы іргелес Польша, Словакия, Венгрия және Молдова жеріне өтуіге тырысып жатыр. Бұл жөнінде ВВС жазды.

Ресей шабуылы басталғалы 3 күн ішінде бір ғана Украина-Польша шекарасынан 115 мың адам өткен. Көп адам шекараға артық затсыз, жаяу-жалпы жеткен. Кейбір шекара пункттеріндегі кезек 15 шақырым болған.

Босқындардың басым көпшілігі әйелдер мен балалар. Мобилизацияға ілінетін 18 бен 60 жас аралығындағы ер-азаматтар Украинадан шығарылмайды. Бұл - Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жаңа тарихта Еуропада болған аса ірі гуманитарлық дағдарыс. Сарапшылардың сөзінше жүздеген мың отбасы бір-бірінен ажырап қалған.

Львовта босқындар Польшаға тегін апаратын пойыздан орын таппай жатыр. Оларды үшінші составтан да қалып жатыр.

Бұған дейін БҰҰ Ресей Украинаға шабуыл жасаған екі күннен бері кемі 150 мың адам Украинаны тастап кетуге мәжбүр болғанын хабарлаған.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар