Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Үлкен Алматы айналма жолының құрылысы аяқталды

05:27, 21 желтоқсан 2022 267


Үлкен Алматы айналма жолы 2023 жылдың екінші жартыжылдығында пайдалануға беріледі. Бұл туралы Kolesa.kz хабарлады.



Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдулиннің айтуынша, құрылыс жұмыстары мерзімінен оза жүріп жатыр. Қазір жол бойын абаттандыру және жолақы төлемін қабылдау жүйелері орнатылуда.





Үлкен Алматы айналма автожолы 66 шақырым. Ол Қырғауылды ауылынан басталып, Қызылқайрат ауылына дейін созылады. Алматы облысы бойынша Қарасай, Іле, Талғар аудандарындағы 14 елді мекенді қамтиды.



«Автожолдың басым бөлігі 6 жолақтан тұрғанымен, кей тұсы 4 жолақты болады. Трассада рұқсат етілетін жылдамдық – сағатына 110-140 шақырым. Жол қызметін пайдалану - ақылы. Жеңіл көліктер үшін – 200 теңге, жүк көліктері үшін – 390 теңге. Алайда, әзірге тарифтері бекітілмеген», –  делінген хабарламада.



Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар