Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Владимир Зеленский Мәскеудің басты мақсатын жайып салды

11:40, 15 сәуір 2022 270
 



Соңғы сегіз жыл ішінде Украинаның шығысында 14 мың адам қайтыс болды, бірақ әлем елдері бұл оқиғаларға назар аудармай отыр. Бұл туралы Владимир Зеленский мәлімдеді.

Оның пікірінше, басқа елдер бұл оқиғаларға назар аудармағасын Ресей соғыс бастау туралы шешім қабылдаған. Украина президентінің айтуынша, қазір Мәскеудің басты мақсаты – Донбас. Осыған байланысты ол тағы да әлемдік көшбасшыларды Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды.
– Кейбіреулер әлі күнге дейін Ресейге қарсы санкциялар бұдан артық қалай болуы керек деген пікірде. Бірақ Ресей әскерлері біздің жерімізде Екінші дүниежүзілік соғыс әрекетін қайталағанда не айту керек? Ресей бірінші кезекте Донбасты жойғысы келеді. Ресей әскерлері Луганск және Донецк облыстарын тек тастар қалатындай етіп қиратады. Сонда адамдар мүлдем қалмайды, – деді Зеленский.





Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар