Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Яхтаны жалға алдым": Әбілғазин Грекия аралындағы өртке қатысты пікір білдірді

10:47, 01 шілде 2024 478

Кәсіпкер Данияр Әбілғазин Грекия аралындағы өртке қатысты жауап берді, - деп хабарлайды Alash.kz.

Ол яхтаны жалға алғанын мойындады. Дегенмен кәсіпкердің сөзінше, болған төтенше жағдайға ешқандай қатысы жоқ.

"Түсінікті болуы үшін айтайын, "Персефони I" яхтасын 2024 жылдың 15 маусымы сағат 12.00-ден (түстен кейін) 2024 жылдың 22 маусымы сағат 12.00-ге дейін Грекия аралдарында өзіме, қонақтарыма круиз ұйымдастыру үшін жалға алдым. Бұрыннан кететініміз 22 маусымға жоспарланған. Грекиядан кетер алдында бізбен Грекия билігінің өкілдері сөйлесті, олар маған немесе менің қонақтарыма осы оқиғаға байланысты ешқандай шағым айтпады. Осылайша, біз алдын ала жоспарланған саяхат жоспарымен жүрдік. Айта кету керек, кейбір қонақтар 2024 жылы 21 маусымда таңертең кетіп қалған еді.

Қайта оралғаннан кейін баспасөзде айтылып жатқан айыптарды білу күтпеген жағдай болды, қандай да бір құқықбұзушылықты үзілді-кесілді жоққа шығарамын. Мен де, менің қонақтарым да аяғы өртке әкеп соғуы мүмкін әрекеттерді жасаған жоқ. Біз яхтадағы өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтадық. Мен де, менің қонақтарым да яхта экипажынан немесе басқа үшінші тараптан өрт әкеп соғуы мүмкін қандай да бір әрекеттерді жасауды сұраған жоқ.

Біз әрқашан барлық қажет қауіпсіздік шараларын ұстанамыз және мұндай оқиғаларды болдырмау үшін заңдар мен нормаларды қатаң сақтаймыз. Біз грек билігімен олар жүргізетін тергеу аясында ынтымақтасамыз", - деді ол.

Бұған дейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі ұсталғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ екенін мәлімдеді деп жазды Dalanews.kz.

"Қазақстанның консулы бұл ақпарат жарияланғаннан кейін осы іске қатысты бірден Грекия билігіне хабарласты. Полицияның мәліметіне сәйкес, ұсталғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ және оларға ешқандай да талаптар қойылмаған", - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар