Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Иммунитет түсіп,ауру көбейеді: АҚШ дәрігері Қазақстандағы уақыт белдеуінің қаупін айтты

11:17, 09 шілде 2024 559

АҚШ Хронобиологы, Ұйқы және циркадты ритмдер зертханасының директоры Мэри Карскадон Қазақстандағы уақыт белдеуі туралы айтты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның сұхбатын әлеуметтік желілерде медициналық психолог Евгений Ян жариялады. 

«Қазір қазақстандықтар джетлаш режимінде жүр, себебі олардың денесі мен ритмдері күн мен түн ритміне үйлесіп жатқан жоқ. Уақыт айырмашылығы өте алшақ болғандықтан, адамдардың көбі мұндай графикке бейімделмеген», - деді ол.

Карскадонның сөзінше, сағат 03:00 пен 04:00 аралығында таңның атуы тұрғындардың таңертең ерте тұратын 1 пайызына ғана тиімді, ал көбіне ыңғайсыщ. Биологиялық ерекшеліктеріне қарай бұл жасөспірімдер үшін өте ауыр, дейді сарапшы. 

Ол бұл жағдай ағзадағы қабыну процестері артып, иммунитеттің әлсіреуіне, әртүрлі ауруларға алып келуі мүмкін екенін айтты. “Қатені мойындап, дұрыс уақыт белдеуіне қайта оралуға болады дейді маман.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар