Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Зейнеткердің пәтерін тазалауға келген адам оның атынан несие рәсімдеген

14:38, 24 маусым 2024 514

Ақмолалық тұрғын зейнеткердің пәтерін тазалауға келіп, оның атынан несие рәсімдеген, - деп хабарлайды Alash.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

17 маусымда Жақсы ауданының полиция бөліміне ауданның 64 жастағы тұрғыны жүгініп, белгісіз адам оның атына банктен несие рәсімдегенін хабарлаған. Залал сомасы 2 миллион теңге болады.

"Тергеу жедел іс-шараларды өткізу нәтижесінде күдікті анықталды. Ол бұрын ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған жәбірленушінің 37 жастағы ауылдасы болып шықты. Несие рәсімделген күні әйел жәбірленушінің өтініші бойынша пәтерінде тамақ дайындап, тазалық жұмыстарымен айналысқаны белгілі болды", - делінген хабарламада.

 

Әйел жәбірленушіні әңгімеге тартып, банк қосымшасына кіру үшін туған күнін сұраған. Ол қасында болмаған кезде атына несие рәсімдеген.

Осы дереккен қатысты полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігі ("Алаяқтық") бойынша соталды тергеу бастады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар