Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жолдау аясында атқарылған жұмыс көп

11:31, 20 ақпан 2023 245
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы жолдауларында және жариялаған мақалалары мен сұхбаттарында ел дамуының әртүрлі аспектілеріне арнайы тоқталып отырады.

Мәселен, Мемлекет басшысы Қазақстан экономикасын нығайтып, инновациялық технологияларды дамытуға ұмтылып отырғанын баса айтады. Бұл өз кезегінде Қазақстанның әлемдік аренадағы позициясын нығайтуға және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға жағдай жасауға септігін тигізетін жаңалық. Естеріңізде болса, биылғы жолдауында мемлекет басшысы халықтың әл-ауқатын жақсартуға, адам капиталын жақсартуға күш салатынын басты бағдарлама ретінде атап айтты.

Тоқаев назар аударып отырған Қазақстан дамуының басты бағыттарының бірі – білім, ғылым және мәдени саланы дамыту. Мемлекет басшысы қазіргі заманда білім мен инновация табысқа жетудің негізгі факторы екенін әр жолдауында атап көрсетіп отырады. Биылғы жолдауы мен мақалаларында Қазақстанда білім сапасын арттыру, ғылыми зерттеулерді қолдау және мәдениет саласын дамыту бойынша нақты бағдарламалар жасалатынын, белсенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Тоқаев сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру мен азаматтарды әлеуметтік қорғаудың маңыздылығына назар аударады. Ол Қазақстанның барлық азаматтарының қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын неғұрлым қолжетімді және сапалы медициналық жүйені құруға шақырды. Тегін медициналық көмектер тізімін, қандай азаматтардың тегін медициналық көмек ала алатынын көрсетіп берді. Сонымен бірге, 2023 жылы денсаулық сақтау жүйесіндегі атқарылып жатқан бағдарламалар мен әлеуметтік қорғау бойынша жасалып жатқан жұмыстар тізбегіне тоқталып отырады.

Биылғы жолдауында Қазақстанның Мемлекет басшысы еркін және әділ сайлау өткізудің маңыздылығын айтты. Ол азаматтардың сайлауға қатысуы мен осы саладағы заңдылықты сақтаудың маңыздылығын атап өткен болатын. Тоқаев өз сөзінде және сұхбаттарында Қазақстанның демократиялық институттар мен заң үстемдігін нығайту, сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын да атап өтті.

Мемлекет басшысы өз жолдауында қазақ халқының салт-дәстүрі мен ұлттық болмысын сақтау және дамытудың маңыздылығына тоқталды. Ол Қазақстанның көпұлтты мемлекет екенін және онда тұратын барлық халықтардың мәдени дәстүрлерін құрметтеу мен сақтауды атап көрсетті.

Кемел ЖАН
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар