Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Белгілі ақын Мұхтар Шахановтың бұрынғы жары дүниеден озды

11:07, 18 сәуір 2025 2691

Белгілі ақын, драматург, Қазақстан халық жазушысы, Мұхтар Шахановтың жары, танымал ғалым, педагог Розалинда Әшірбайқызы Шаханова дүниеден өтті, деп естіртеді  Alash.kz.

Қаралы хабарды Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің баспасөз қызметі жеткізді. 

"QyzPU Басқарма Төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай университет ұжымы мен білім алушылары белгілі ғалым, педагог Розалинда Әшірбайқызы Шаханованың дүниеден өтуіне байланысты туған туыстары мен жақындарына көңіл айтады", – делінген хабарламада.

Ақынның жары Розалинда Шаханова 1951 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген. QyzPU-дың "Орыс тілі мен әдебиеті" мамандығына түсіп, оны 1974 жылы тәмамдаған. Бес жылға жуық орта мектепте тәрбиеші және орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі болып жұмыс істеген. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар