Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

05:56, 22 қараша 2023 184





Мына кітапты журналист Едіге Мағауин құрастырған. Қазір қазақтың тарихын І. Есенберлиннің “Көшпенділері” деп түсінетін орысша ойлайтындар жаппай тарих жайлы біртүрлі кітаптар жаза бастады ғой. Тұшынбайсың, сол СССР-дің оқулықтағы жазбаларын толықтырған. Тек мұқабасын мұқият салып, жарнамасы мен пиарын сауатты жасайды. Бары сол.













Жоқ-жоқ, біреуді көтеру үшін, басқаны аласартудың қажеті жоқ, әрине. Алайда автордың лайланбаған, құлданбаған тұнық тарихи санасы өте маңызды. Сонысымен Едіге Мағауиннің кітабы елеулі дүние, толымды еңбек. Байқасаң, орыс тілді якут-казактар мен казашкалар ұйымшыл. Кітап жазсын, кәсіп ашсын қолдай кетеді, тізе қосып демеп жатады. Біз де мына кітапты жан-жақта жарнамалап, айта жүруіміз керек. Мысал айтайын. “Міржақып. Оян қазақ” киносын бірең-сараң орыс тілділер ғана қолдап, “көріңдер” деді. Көтеріп кеткен, резонанс жасаған тағы өзіміз, яғни қазақ тілді азаматтар. Ақыры аяғында сол кино өзімізге ғана керек екенін, сол тарихи олқылық қазақ тілді орта үшін ғана маңызды екеніне көзіміз жетті. Тарихи сау сана мңызды деп отырғаным осы. Егер “Міржақып. Оян қазақты” орысша ойлайтын режиссер түсірсе быт-шыт болар еді.



Едіге Мағауинді тегін адам дей алмайсыз. адам. Әкесі де осал емес. Тек маңызды ғой. Дегенмен құр негіз емес соны біліммен, тәрбиемен ұштау да маңызды. Бұл жағынан Едігенің есебі түгел. Санасы азат, кеудесін бастырмаған тұлға. Міне, осындай азамат кітап құрастырып отыр.



Бүгінде 4-5 тілде сайрамасаң, күйлі болмасаң, соңғы 20 жылда Еуропада, АҚШ-та тұрмасаң біздің орыстілді азаматтар анау-мынау қазақ тілді тұлғаны мойындамайтын болды ғой. Орыс тілді якут-казак-казашкалардың осындай “талаптарына” қай-қай жағынан сай келетін Едіге Мағауиннің кітабы төрімізде Құран секілді тұру керек деп ойлаймын. Ұлтшылдықты, нацизмді қоздыру үшін емес. Тарих сананы жаңғырту үшін, орыны толмаған тарихи әділетсіздіктің орынын азда болса толтыру үшін тұру керек.



Азамат Әбілқайыр




Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар