Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Футболшылар пицца тасып, тренер таксист боп жүр: Гүлмира Әбіқай “Ақжайық” құрамасының үндеуін жеткізді

15:26, 18 қараша 2024 38

Ақжайық» футбол командасы 10 айдан бері жалақы алмады, деп хабарлайды Alash.kz Orda.kz сайтына сілтеме жасап. 

Футболшылардың бұл ахуалын журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.

Жалақы алмаған жастар президентке үндеу жолдаған. Футболшылар үндеудің жолданғанына 4 ай өтсе де, ешқандай шара қолданылмағанына наразы.

 
 
«Ақжайық» футбол клубы атынан үндеу жолдағымыз келіп отыр. Бұл клубтағы футболшылар, бапкерлер қаңтар айынан бері жалақы ала алмай келеді. Бұл жерде қаншама жастар жаттығып жатыр. Соған қарамастан бапкерлер айлығын алмады. Сондықтан бізге көңіл бөлуді сұраймыз», - дейді футболшылар. 

Гүлмира Әбіқай мықты жаттықтыушылардың такси жүргізіп жүргенін айтты. 

«Футболшылар пицца тасып кетті. Мықты жаттықтырушылар таксист болып жүр. БҚО-ның маңдай алды мақтанышы «Ақжайық» футбол командасының күйі осы. Жігіттердың жалақы алмағанына 10 ай болды. Мына үндеу 5 ай бұрын жолданған. Одан бері тағы 4 ай өтті. Түк өзгеріс жоқ» деп жазды журналист. 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар