Баян Алагөзова балалар үйінен бала асырап алу туралы ойын айтты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Ол бұл туралы журналист Дина Төлепбергенгің “Din Dina ShOw” бағдарламасында айтты.
Журналист өзінің екі ұлдан кейін қыз асырап алғысы келетінін айтып, Баянға сұрақ қойды.
”Бізде бұл сұраққа ойландық. Балалар үйінде көп болдым. Аянышты. Бір баланы асырап алып, оған әдемі өмір сыйлағымыз келеді. Тұрсынға айттым. Ол ойлану үстінде”,- деді Баян Алагөзова.