Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

50 күн: Актер Серік Шәріп туралы тың ақпарат шықты

18:00, 06 сәуір 2025 268

Журналист Ильяс Канбай Шәріп Серікке қатысты үкімнің мән-жайын айтты, деп хабарлайды Alash.kz Skifnews.kz сайтына сілтеп.

Журналистің сөзінше, Шәріп Серік зорлық-зомбылық үшін емес, балағат сөздер айтқаны үшін сотталған. 

"Үкімнің мән-жайымен таныстым. Былай жазылған: "С бірге тұрып жатқан Б-мен жанжал кезінде балағат сөздер айтқан. Оған әкімшілік баптың бірінші бөлігі "Отбасы-тұрмыстық қарым-қатынас кезіндегі теріс әрекеттер" бойынша айып тағылған. Бұл шапалаққа немесе жұлқылауға қатысты емес, тек кемсіту, төмендету және мүлікті бүлдіру туралы. Ол бойынша ең жоғарғы жаза 5 тәулік", – деп жазды ол. 

Журналист мұндай үкім шығуы Алия Бутееваның арыз жазбауымен байланысты болуы мүмкін дейді. 

"Алматы полиция департаменті маған осылай хабарлады, бүгін таңертең сұрап білдім. Негізінде Шакенти 5 емес, "Ұрып-соғу" бабымен 50 және одан да көп тәулікке қамалуы мүмкін еді", – деп қосты ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар