Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қолының ұшы тиіп, лифтіден жұлқылағанға бола ажырасып жүрейік бәріміз: Ырысбала Икрамбай Серік Шәріпті “қолдай ма?”

14:27, 07 сәуір 2025 1049

Танымал блогер Ырысбала Икрамбай әлеуметтік желідегі парақшасында актер Серік Шәріп туралы әңгіме қозғады, деп хабарлайды Alash.kz.

Ол бұл туралы инстаграм парақшасында жария етті. Айтуынша, егер әр қыз баласы қолдың ұшы тисе ажырасып кететін болса, зардабын бала шегетінін тілге тиек етті.

”Отбасы болғаннан кейін бәрі болады. Қолының ұшы тигенге, лифтіден жұлқылап шығарғанға бола ажыраса беретін болсақ, неміз қалады? Бәрінен бұрын бала зардабын шегеді. Қазақтың қыздары деп айтқанда күштіміз, бірақ неге қазақтың қара сөзін дұрыс жерде қолданбаймыз? Барлық еркекті ез қылуға болмайды. Қыздар, біз де жетісіп тұрған жоқпыз”- деді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар