Арқалықтағы зорлық жасады деп күдікке ілінген блогер туралы «Орда» тілшісі тың ақпарат білді, деп хабарлайды Alash.kz.
Күдіктінің әпкесі Раушан Алимбаева қылмыстық істі әділетсіз деп есептейді.
Оның айтуынша, бауырын әдейі қаралап отыр. Блогердің өзі бірнеше жыл мұғалім болып жұмыс істеген.
«Туыстары, оқушылары, әріптестері мен бізді қоршаған жандар бұл айыпқа сенбейді. Ол қоғамдық жұмыстарға белсенді араласып, қаланың өзекті мәселелерін жиі көтеріп жүретін. Бүкіл Арқалық оның қандай адам екенін біледі. Біз әділдік орнайды деп сенеміз», — деді әйел «Орда» журналисімен әңгімесінде.